Quantcast
Channel: Экология - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 27

Қазақстан қорықтары.

$
0
0

31-оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Қазақстан қорықтары.

Мақсаты: 1.Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.

2.Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.

3.Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: қорық, қаскер және т.б.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру.

Балалар қуанып, күлімдеп амандасады.

Ізденістер

Сезімді ояту.

Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру.

Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын – қорық деп аталады.

Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу.

Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, ақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерешеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу – Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар. «Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

 

Қаскер – жануарларды рұқсатсыз қырып – жоятын адам.

 

Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді.

 

Сергіту жаттығуын өткізу.

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

 

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату.

а)Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер.

ә)Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың, өсімдіктердің аттарын атау.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түсінуге талпынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жойылып бара жатқан аңдарды, құстарды, өсімдіктерді суреттерге қарап әңгімелеп береді. Өлең жолдарын айтып, дене жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

Қорықтағы жануарларды атап көрсетеді.

Қорытындылау

Өзін – өзі бағалау

Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою.

Балалар құстарға,аңдарға қамқор болуға келіседі.

 

Қорытынды тізімі

Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.

 

Атауы

Құрылған

жылы

Көлемі,

га

Орналасқан жері

1

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

1926

131 934

Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы

2

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

1931

71 700

Алматы облысы

3

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы

1931

191 381

Қостанай облысы

4

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

1939

160 826

Қызылорда облысы

5

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

1968

543 171

Ақмола облысы және Қарағанды облысы

6

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

1976

102 979

Шығыс Қазақстан облысы

7

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

1984

223 342

Маңғыстау облысы

8

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

1992

86 122

Шығыс Қазақстан облысы

9

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

1998

65 217,9

Алматы және Шығыс Қазақстан облысы

10

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

2004

34 300

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

         Күтілетін нәтиже: қорық туралы түсінгенін айтып, оны мекендейтін жануарларды атап білуі.

         Білуі тиіс: жойылып бара жатқан аңдарды, өсімдіктерді, құстарды білу.

         Түсінігі: қорықтардың қаншалықты пайдасы барын, мағынасын түсіну.

         Көрсете білуі: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету, қамқор болу.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 27

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>