30-оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.
Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде.
Мақсаты:
1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар,олардың ерлігі туралы түсіндіру.
2.Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру.
3.Еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыр.
Сөздік жұмыс: ұшақ, танк, кеме.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін. |
Балалар дөңгелене тұрып, өлең жолдарын қайталайды. |
Ізденістер Ұйымдастыру |
1.Педагогтің түсіндіруі: -Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова,Мәншүк Маметова, талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Қазір олардың есімдерімен көптеген көшелер, мектептер, тағы басқа мәдени орындар талады. Жылда 9 мамыр «Жеңіс күні» деп аталып өтеді.
Қазақстанның қарулы Күштері өте мықты. Оның құрамына ішкі әскерлер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді. Сергіту сәтін өткізу.
Ақ көгершін, көгершін Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін Кең дүниенің көлемін.
Әліппе – дәптермен жұмыс: 1.Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді. 2.Суреттегі батырлардың атын айтқызып, олар туралы әңгімелету. |
Суреттегі батырларды – Б.Момышұлын, Т.Тоқтаровты, Ә.Молдағұлова және М.Мәметованы атайды.
Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуын жасайды.
Өлеңді жаттап алады. |
Қорытындылау Өзін – өзі бағалау |
Ұлы Отан соғысының батырларын ата. Қандай өшелерді білесіңдер? |
Балалар өздері тұратын көшелердің атын атап береді. |
Күтілетін нәтиже: Ұлы Отан соғысының батырларының аттарын есте сақтау.
Білуі тиіс: Отанды сүйіп, оны құрметтеуге тиіс.
Түсінігі: өздері болашақ Егеменді Қазақстанның азаматы болатынын түсіну.
Көрсете білуі: еліміз туралы ойын жеткізе білу, өлеңді жатқа айту.