27-оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Байқоңыр ғарыш айлағы.
Мақсаты:1.Байқоңыр жайлы түсіндіру.
2.Ғарыш әткеншегі ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшар туралы мағлұмат беру.
3.балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.
Сөздік жұмыс:айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш ткеншегі» ойынын ойнату. Шарты: Ортада бір бала күн болып тұрады. Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы,Жер, Сатурн, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді. |
Балалар ойын барысында ғаламшарлар туралы білетіндерін айтады. Мысалы: Мен Жермін. Жерде тіршілік бар. Өйткені біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық аламыз. |
Ізденістер. Ұйымдастыру. |
1.Педагогтің түсіндіруі: -Байқоңыр – ғарыш алаңы (айлағы).Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппрааттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылады. 1991 ж.2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтың ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2.Сөздік жұмысын жүргізу. Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң. Ғарыш – аспан әлемі, космос. Ғалымшар – Күнді айналатын. Күнмен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері. Күн әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.
3.Пікірталас өткізуге арналған сұрақ: -Ғарышкер бол үшін қандай болу керек? 4.Дәптерлеріне зымыранның суретін салғызу. |
Педагогті тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Тыңдайды.
Пікірлерін ортаға салады. Зымыранның суретін салады. |
Қоырытындылау |
Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтайды. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже: ғарыш айлағы және оның келтіретін пайдасы жөніндегі ұғым қалыптастыру.
Білуі тиіс: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатындығын білу.
Түсінігі: білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу.
Көрсете білуі: ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу.