26-оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.
Білім көздері: Экология негіздері.
Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.
Мақсаты:1.Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2.Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
3.Еңбекқорлыққа баулу.
Сөздік жұмыс: қора, азық, т.б.
Іс – әрекет бөлімдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Ынталандыру. Сезімді ояту. |
1.Шаттық шеңберіне тұрғызыып, «Төлдер» әнін орындатады.
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? 2.Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатынын сұрайды. |
1.Балалар әнді орындау барысында төлдердің қимылдарымен келтіреді. 2. «Боташым», «қошақаным», т.б. сөздермен еркелететінін әңгімелейді. |
Ізденістер. Ұйымдастыру |
1.Кіріспе әңгіме -Төрт түлік мал – халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы мінсең көлік,жесең ет. Сиыр – жесең ет, кисең киім, йран, сүт, қаймағансыз қазақ баласы өспейді. Түййе малы – нағыз көлік, қмыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы – Қзақстанның мал шаруашылығы – халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгенімізжөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық – түлік ретінде пайдаланамыз.
2.Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-біріненайырмашылықтары қандай?
2.Үй жануарларының көктемгі тіршілігі тралы әңгімелеңдер.
3.Үй құстарын ата.
4.Малдың төлдерін атаңдар.
3.Дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу. Мысалы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтеш. |
Педагогтің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды. Үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелейді.
Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Үй жануарлары мен үй құсы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтешті тауып, оларды бояйды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. |
«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкінің суреттерін іліп қояды. Педагог балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады. Лақтың суретін алса, оны ешкінің жанына жапсырады. |
Сурет арқылы млдың төлдерін табады. |
Күтілетін нәтиже: төрт түлік мал мен үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру.
Білуі тиіс:үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп-баптауды білуі тиіс.
Түсінігі: үй жануарлары мен құстардың пайдасын білу.
Көрсете білуі:үйіндегі жануарлар мен құстарды күтіп-баптау.