Quantcast
Channel: Экология - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 27

Киіз үй жабдықтары.

$
0
0

21оқу іс – әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.

Мақсаты:

  1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.
  2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.
  3. Ата-анадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.

Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асдал, т.б.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

1.Киіз жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіреді:

-Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі). Кереге – киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі. Шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Уық – кереге мен шаңырақтың арасын ұыстап, қосып тұратын сырық.

Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Үй жиһаздары:

Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған.

Кебеже-сұр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре-зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.

Ағаш төсек-жату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асдал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш-ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

Адалбақан-киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық – киім-кшек, т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

Төсеніштер:

Алаша, киіз, сырмақ.

Тұскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына үй бұйымы.

Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құүрап тіккен зат салатын дорба.

Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киіздеп тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекелейді.

2.Дәптерден киіз үй сүйектерін тапқыздырады.

Мұқият тыңдайды, түсінбегендерін сұрайды, сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Киіз бөліктерін атайды, оларды қайда орналасатынын сызып көрсетеді. Киіз үйді бояйды. Жолаушының киіз үйге баратын жолын тауып, сызып көрсетеді.

Қорытындылау

Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді

 

         Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.

         Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.

         Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.

         Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу,


Viewing all articles
Browse latest Browse all 27

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>