11сынып. Биология. 18.01
Cабақтытың тақырыбы: Экология ғылымының казіргі заманғы өзекті проблемалары
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды экология ғылымының казіргі заманғы өзекті проблемаларымен таныстыру.
2.Оқушылардың экология ғылымын жан-жақты ғылымдармен байланыстыра отырып,білім деңгшейін тереңдету қабілетін дамыту.
- Оқушылардың тіл байлығын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға баулу,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі : Эврикалық
Сабақтың пәнаралық байланысы: география,тарих.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық,эврикалық сұбхат
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақ .
ІІІ. Бекіту
ІV. Үйге тапсырма беру.
- Бағалау.
І. Амандасу,оқушыларды түгелдеу,сабақ мақсатымен танысу.
ІІ. Экология бүгінгі күннің талаптарын жан-жақты карастыратын көптеген ғылымдар жүйелерінен тұрады. Ғалымдардьщ экология ғылымына берген бірнеше анықтамалары арқылы осы айтылғандарды байкауға болады.
- Неміс ғалымы Э. Геккель бойынша: "Экология дегеніміз — тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын оларды қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым".
2.1972 жылы Стокгольм каласында БҮҮ-ның жетекшілігімен І халыкаралық конференция ұйымдастырылды. Конференция-ның маңызы қоршаған ортанын сапасына баға бере отырып, экология ғылымының жаңа бағыттарын анықтау болды. Экология ғылымы ендігі жерде тірі организмдерді зерттеу аясынан шығып, адамның іс-өрекетіне бакылау жасау қажеттігін алға қойды.
- Беларусь ғалымы В.А. Радкевич: "Экология — организмдер тіршілігіндегі барлық заңдылықтар жүйесін табиғи ортасымен және адамның ісәрекетімен байланыстырып зерттейтін ғылым", — деп тұжырымдады.
4.Орыс ғалымы Н.Ф. Реймерс: "Экология — табиғаттағы және адам қоғамындағы барлық өзгерістерді жан-жақты зерттейтін ғылымдар жүйесінін кешенді бағыты" деп түсіндіреді.
Экология ғылымын XVII ғасырда швед ғалымы К. Линней, француз Ж.Б. Ламарк, XVII ғасырда ағылшын Ч. Дарвин, неміс ғалымдары А. Гумбольдт, Э. Геккель, дат ботанигі Й.Варминг, XIX ғасырда америкалык В. Шелфорд, ресейлік ғалымдар В. Вернадский, Д. Кошкаров, В. Сукачев, америкалык Ю. Одум, Б. Комманер жэне ресейлік Н. Реймерс, т.б. ғалымдар дамытты.
Экология ғылымы — географиялык зерттеулермен тығыз бай-ланыста әрекет етеді.
- Биоэкология — тірі организмдер биологиясын, оның тіршілік ортасындағы өзгерістерін, адамның іс-әрекетімен байланыстырып зерттейтін экология саласы.
2.Аутэкология жеке организмдердің (дара,түр) тіршілігін табиғи ортамен байланыстырып зерттейді.
- Популяциялық экология популяциялардың арақатынасын, даму заңдылыктарын табиғи ортамен үйлесімдік жағдайында зерттейді.
- Синэкология популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді.
5.Геоэкология жер кабығының даму зандылықтарын, оның барлык тіршілік ырғағын біртүтас организм ретінде әлемдік деңгейде қарастырады.
- Адам экологиясы — адамға қатысты биосфера шегіндегі барлық мәселелерді және антропогендік экожүйелерді зерттейді. "Адам — коғам — табиғат" арасындағы жеке адамнын қоғамдағы орнын, табиғаттағы ролін қарастырады.
- Әлеуметтік экология адам қауымдастығы мен табиғат ара-сындағы байланыстарды қарастыра отырып, адамның тіршілік ортасын салауаттандыруды зерттейді. Табиғатты тиімді пайдалану мен оны қорғаудың ғылыми-практикалық негізін салуды жөне жүзеге асыруды көздейді.
- Биосфера — барлык табиғаттағы өзгерістерді, оның даму заң-дылықтарын биосфера деңгейінде ең жоғары жүйе ретінде қарастырады.
ІІІ. Тест сұрақтары.
- Жеке организмдердің тіршілігін табиғи ортамен байланыстырып зерттейдін
А. . Биоэкология Б. Популяциялық экология В. Синэкология С. Геоэкология
- Популяция, бірлестіктер мен экожүйелер арасындағы қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді.
А. . Биоэкология Б. Популяциялық экология В. Синэкология С. Геоэкология
ІV..§ 33.
V Әрбір носілдің сырткы белгілерін, негізгі таралған аймақтарын көрсететін кестсні толтырып түсіндіріңдер.
Нәсілдер |
Ерекше белгілері |
Таралған жерлері |
|
|
|
БІЛІМЩДІ СЫНА
Тарауды қайталау сұрактары
Антропогенез — адамның шығу тегі және эволюциясы туралы ілім
1.Адамнын шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым саласы.
2.Ежелгі адамдардын ғылыми атауы.
3.Қаңка калдығы Ява аралынан табылған ежелгі адамдар тобы.
4.Қазіргі адамдардыц түрлі атауы.
5.ЕжелгІ адамдардың арғы тегі.
- Аустралопитектердін қарапайым еңбек кұралдарын жасай білген тобы.
- Адам хромосомасыньщ саны.
- Адамның омыртқа жотасының пішіні.
- Ертедегі адамдардын ғылыми атауы.
- Адамтектес маймылдар мен ежелгі адамдардын арғы тегі.
11.Азияда кеңінен таралған нәсіл.
12.Қазіргі адамдардың морфологиялық белтілеріне сәйкес бөлінетін топтары.
- Адам эволюциясындағы ең шешуші әлеуметтік фактор.
- Қытайдан табылған ежелгі адамдар тобы.
- Адам денесіндегі қалдық мүшелер тобы,
- Адам денесіиде кейде кездеоетін мүшелер тобы,
- Адамның ұрпақтарында байкалатын биологиялық фактор.
18.Биологиялық зандылыктарды қоғамнын дамуына колданатын теріс пиғылды теория.
- Адамды жан-жакты зерттейтін кешенді ғылым.
20.Нәсілдер бәстапкы бір аймақтан ғана таралған деген тұжырым.
- Қазіргі саналы адамнын тікелей арғы тегі.
- Қаңқа қалдыры Германиядан табылган ежелгі адамдар тобы.
23.Ежелгі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас кұралы.
24.Ява аралынан ежелгі адамдардыи қанка қалдықтарын тапқан ғалым.